- Негізгі бет
- Алтын ұя
- Азия оқушылары туралы...
Азия оқушылары туралы таңқаларлық фактілер
Біз мектепке бара жатқан бала үшін ең қауіпті нәрсе – "машиналар үздіксіз ағылып жатқан жол" десек, қатты қателесеміз. Өйткені, Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы Генгуан ауылының оқушылары күн сайын балалар түгіл ересектердің өзіне қауіпті жолды басып өтіп, мектепке барады.
Бицзедегі мектепке жету үшін олар тік жартастағы қауіпті жолмен жүреді. Бұл жолдың ені небәрі – жарты метр. Кей жерлерде олар туннелдерден де өтеді. Мектепке баратын басқа, қауіпсіз жол бар. Бірақ ол тым ұзақ, 2 сағат уақытты қажет етеді. Ата-аналар балаларын мектепке жіберер де үнемі уайымдайды, бірақ оқушыларды күн сайын тәжірибелі мұғалім бастап апарады.
Білім алу үшін мұндай қиын жолдарды тек Қытай оқушылары ғана емес, әлемнің басқа балалары да басып өтуге мәжбүр. Мысалы:
1. Индонезиядағы Суматра аралында шамамен 20 оқушы таңертең мектепке бара жатқанда өзеннің үстінен 1 метр биіктікте арқанмен өтеді. Осылай олар Паданг қаласында орналасқан оқу орнына барады.
Содан соң олар 11 шақырымды ну орманмен жүріп өтеді.
2. Индонезияның тағы бір ауылы – Сангианг Танъюнгда да жағдай осындай. Онда Сибиранг өзенінің арғы жағында тұратын балалар мектепке жету үшін күн сайын сынған аспалы көпірден өтеді.
3. Ал мына индонезиялық ауылда жергілікті балалар велосипедпен мектепке Суро ауылын Ява Племпунган ауылын бөлетін су айдыны арқылы жетеді.
4. Филипиннің Рисаль провинциясындағы балалар мектепке барар жолдағы өзеннен өту үшін көлік дөңгелегін пайдаланады. Ал өзен арнасынан асып, буырқанған кезде балалар мектептегі сабақтарын өткізіп жіберуге мәжбүр.
5. Тронг Хоадағы вьетнамдық балалар бастауыш мектепке барарда киімдері мен оқулықтары су болмауы үшін бәрін полиэтилен пакетке салып, судан жалаңаш жүзіп өтеді. Күн сайын балалар ені 15 метр, тереңдігі 20 метр өзеннен осылай өтуге мәжбүр.
6. Мұндай гондола көпірлері қалыпты жолдардың жетіспеушілігі бар Непалда кең таралған. Осылайша балалар мектепке бара жатқанда өзендерден өтеді. Бұл көпірлер өте қауіпті, сондықтан апаттар жиі орын алып тұрады.
7. Колумбиялық балалар тропикалық орманды жерде орналасқан ауылдың екі жағын байланыстыратын осындай арқанмен мектепке барады. Мектепке қатынайтын басқа жол жоқ болғандықтан оқушылар Рио-Негро өзенінен биіктігі 400 метр, ұзындығы 800 метр болаттан жасалған арқан арқылы өтеді.
Суреттегі батыр қыздың аты Дэйзи Мора. Оның 5 жастағы інісі Ямид қаптың ішінде. Олар болат арқан арқылы сағатына 80 шақырым жылдамдықпен өзеннен өтіп бара жатыр. Өту уақыты шамамен 1 минут.
8. Тағы да, Қытай. Пилидегі мектеп-интернатта тұратын балалар күн сайын жартастағы қауіпті жолдар арқылы мектепке барады.
9. Бұл жол Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданында орналасқан. Бұл жерде балалар әр семестрде бір рет мектепке ұзақ жол жүріп барады. Жолда балалар суық өзендерді кешіп, 200 метрлік төрт қауіпті көпірлерден өтеді.
10. Ал бұл сурет Шуафаттағы босқындар лагерінде Израиль армиясы мен палестиналықтар арасындағы қарулы қақтығыс басталған кезде түсірілген. Суреттегі кішкентай, бірақ өте батыл қыз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан білім алу үшін мектепке бара жатыр.
Т. Раушанұлы