Алматыда Сулейман Демирель университетінің мұрындық болуымен Массачусетс технологиялық институтының (MIT) стандарттарына сәйкес IT саласындағы алғашқы пилотты білім беру жобасы бастау алмақ. Пилоттық жоба аясында 2018 жылы қаңтар айының 8-30 аралығында АҚШ және әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орнының студенттері жоғары сынып оқушыларына, жоғары оқу орнындардың инженерлік факультеттерінің студенттеріне және IT саласында ісін дамытып жүрген бизнес өкілдеріне арнайы шеберлік сағаттары мен дәрістерін өткізеді. Білім беру жобасы тыңдармандарға IT саласының қыр-сырын таныстырып қана қоймай, жаңа технологиялардағы соңғы әрі сұранысқа ие жаңа бағыттарды меңгеруге мүмкіндік береді. Өз кәсібін дамыту үшін ізденісте жүрген компания өкілдеріне арнайы бизнесті дамыту тетіктері, маркетинг, командалық жұмыс сынды арнайы бағдарлама бойынша курс әзірленген. Шақырылған менторлар АҚШ пен әлемге танымал көшбасшы техникалық жоғары оқу орны MIT-дің белді студенттері Кайл Швансон мен Мартин Каррика. Айта кеткен жөн, СДУ Массачусетс технологиялық институтымен екіжақты серіктестікті нығайту мақсатында ауқымды жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта басқа да сұранысқа ие салалар бойынша білім беру жобалары жүзеге асырылмақ. aikyn.kz