1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

1-сыныпқа құжат қабылдау басталды
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Бүгін 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды және ол 1 тамызға дейін жалғасады, - деп хабарлайды ҚР Білім және ғылыми министрлігі.

Құжат тапсырудың үш жолы бар: egov.kz арқылы, ХҚКО арқылы және қағаз түрінде мектепке тапсыруға болады.

Қажет құжат тізімі мынадай:

– Ата-ана (немесе оларды алмастыратын тұлға) өтініші;
– Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
– "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
– 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
– 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.

Т. Раушанұлы