- Негізгі бет
- Алтын ұя
- Екінші жалпыхалықтық диктант...
Екінші жалпыхалықтық диктант қашан болады?
Қазақстан халқы Ассамблеясының хабарлауы бойынша, 10 қыркүйек күні Қазақстанның барлық өңірінде латын графикасына негізделген жалпыхалықтық диктант ұйымдастырылады.
Еліміздің барлық облыс, қала, аудан кітапханалары мен ЖОО-ы диктантты сағат таңғы 11:00-де бастайды. Диктанттың тақырыбы – "2019 jyl – Jastar jyly". Шараның мақсаты – этносаралық коммуникация тілі ретінде мемлекеттік тілдің маңызын нығайту.
Қазақстан халқы Ассамблеясы таратқан хабарламада: "Оған ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастар қанаты, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, студенттер қатысады", деп жазылған.
Диктант Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді.
А. Қажиев