Кітапты не үшін оқимыз?

Кітапты не үшін оқимыз?
Фото: unsplash.com

Назарларыңызға кітапты оқуға 10 себепті ұсынамыз:

1-себеп. Қиялымызды шарықтата түсеміз. Кітапты оқып отырып, автордың айтпақ ойын көз алдымызға елестетіп, оны толықтырамыз. Осылайша есте сақтау қабілетіміз жақсарады.

2-себеп. Кітап киноға қарағанда әлдеқайда жақсы. Оқып отырған кезде миымызда суреттер салынады. Оны өзіміздің қалауымызға сәйкестендіреміз. Тіпті Голливуд режиссерінің өзі қиялыңыздан артық айтып бере алмайды.

3-себеп. Адамдар жайында көп нәрсе білу. Жақсы кітап кейіпкерлердің болмысын ашып, мінезін сипаттайды. Мұнымен қатар қиындыққа тап болған кезде қандай әрекеттер жасайтынын баяндайды.

4-себеп. Жаңа әдеттерді үйренуге көмектеседі. Кітапты өзіңіз қызығатын салаға байланысты таңдай аласыз. Мұнымен қатар арнайы мамандарға барып ақша құртпай, барлығын да кітап көмегі арқылы үйреніп алу мүмкіндігі бар.

5-себеп. Ақылдырақ болу. Әрбір оқыған кітабыңыз жаңа білім береді. Осылайша күн сайын ақылды боласыз.

6-себеп. Түрлі көзқараста боласыз. Бір тақырыпқа қатысты бірнеше кітап оқысаңыз, тақырыпты әртүрлі қырынан меңгеріп аласыз. Мұнымен қатар көзқарасыңыз бен пікіріңіз де өзгеріп отырады.

7-себеп. Пікіріңізден бас тартуыңыз мүмкін. Уақыт өте келе оқыған кітаптарыңыздың арқасында жаңа идеялар пайда болады. Мұның барлығы осыған дейін қалыптасып қалған пікіріңізді өзгертуге септігін тигізеді.

8-себеп. Дүниетанымыңыз кеңейеді. Әртүрлі тақырыптағы кітаптарды оқу арқылы сегіз қырлы, бір сырлы адамға айналасыз.

9-себеп. Қызықты әңгімелесушіге айналасыз. Көркем әдебиетті оқыған адам кез келген жанмен тіл табыса алады. Бұдан өзге романдағы қызықты оқиғаларды айтып таң қалдырады.

10-себеп. Өзгенің тәжірибесін пайдалану. Авторлар көрген-білгенін, өзінің тәжірибесінен сұрыптап алғанын ғана жазады. Ал сізде ол тәжірибелерді пайдалану мүмкіндігі бар.

Ал сіз кітапты не үшін оқисыз?

Қ. Бүйенбай