Оқушылар жұлдызнамасы

Оқушылар жұлдызнамасы

Төмендегі мамандар берген кеңестер оқушылардың мектеп бағдарламасына үлгеріп, жаңа талпыныстарға ие болуына көмектеседі. Бір ғана ұстаз сыныптағы 20-30 оқушыны толықтай бақылап үлгермейді. Сол себепті ата-аналары ұстаздардың үйреткендерін толықтырып отыруы тиіс. Оны оқушылардың мүмкіншіліктерін жұлдызжорамалмен байланыстыра отырып жүзеге асыруға болады. Олай болса, жұлдыздардың оқушы белсенділігіне тигізер әсерін анықтап көрейік.

Жұлдыздардың барлығы да толықтай табиғат стихиясына тәуелді. Олар – от, жер, ауа, су.


От стихиясына тәуелді балалар

Бұлар жұлдызнама бойынша Тоқты, Арыстан, Мерген. Табиғатынан өте белсенді әрі спортпен айналысқанды жақсы көретін балалар. Бұндай оқушылар қажет уақытта мүмкіншіліктерін өз қолына алса, болашақта көп ұзамай атақты жұлдыз, көшбасшы атанады. Бастысы оның табиғи ашушаңдығын игі істерге пайдалану керек. Пайдалана алмаған жағдайда бала тентек болып өседі. Сол себепті жастайынан көшбасшы өзін қорыққаннан емес, жақсы көргендіктен сыйлайтындығын түсінуі тиіс. Үлгіні сөзбен емес, іспен көрсету тиімдірек.

Жер стихиясына тәуелді балалар

Олар – Торпақ, Бикеш, Тауешкі. Бірінші кезекте үйлеріндегі өзіне тиесілі бөлмесінің болғандығын қалайды. Отбасында елеулі мүшелердің бірі болуға тырысады. Құрдастарымен тең дәрежеде қарым-қатынаста болғанды ұнатады. Бұндай балалар үлкендерді сыйлап, тәртіптілігімен көзге түседі. Ата-анасын жинақылығымен қуантады. Өзі сүйген ісімен ғана айналысады. Қызыққан пәндерін толығымен меңгеруге дайын. Ұнатпайтын пәндерінің болашақта қандай пайдасы бар екендігін біле салысымен оны да оқуға тырысады. Жер стихиясына тәуелді балалар шығармашылыққа бейім әрі еңбекқор келеді. Оларды мектептен кейін түрлі үйірмелерге қатыстырған жөн. Әрі достарымен бірге қыдыруға бейімдеу керек.

Ауа стихиясына тәуелді балалар

Бұл сыныбындағы ең танымал оқушылар. Егіздер, Таразылар мен Суқұйғыштар көпшіліктің назарына ілігуді ұнатады. Өздеріне берілген тапсырманы жылдам орындап, жаңа тақырыпты толықтай түсініп алады. Бірақ, өздерінің бақылауларын жазып болған соң өзге сыныптастарына кедергі келтіре бастайды. Олар күш-қуатқа толы болғандықтан, импульсивті әрі өзгергіш келеді. Алайда бұл қасиеттерін жақсы арнаға бұруға болады. Мысалы, үлгерімі төмен сыныптастарына, ұстазына тапсырманы таратуға көмектесуіне болады. Келесі мәселе мектепте берілетін тапсырманың оңай болуында. Оларға басқаларына қарағанда қиын тапсырма беріп, оқу бағдарламасы қиындатылған гимназиялардың біріне орналастыру керек. Алайда жалқаулыққа салынып кетуі де ғажап емес.

Су стихиясына тәуелді балалар

Шаяндар, Сарышаяндар, Балықтар ерекше сабырымен, өзгелердің сезімін аса құрмет тұтатындығымен көзге түседі. Олар айналадағылардың пікірімен санасады әрі өзгелерге тәуелді болуды ұнатады. Тамаша қабілеттерінің арқасында түрлі әңгімелер құрастырады. Түнде қорқынышты әңгімелер мен ертегі айтудың шеберіне айналса, болашақта үлкен аудиторияларда дәрістер оқиды. Ақпаратты детальды түрде жеткізе біледі. Өкінішке орай, бұндай балаларды ренжітіп алу тым оңай. Егер бұл балалар мектептен жылап келіп, ол жерге енді бармайтындығын айтса, ата-аналарының бірден мәселені анықтауға кіріскені дұрыс. Керек кезде дөрекі жауап қайтаруды үйретудің де пайдасы бар. Олар көрмелерді, жаңа әуендерді тыңдағанды, кітап оқығанды жақсы көреді.

Жұлдызжорамалына сәйкес балалардың артықшылықтары

Жұлдызжорамалына сәйкес әрбір баланың өзгертуге болатын, мүлдем өзгертуге келмейтін және фиксациялық қасиеттері болады.

Өзгертуге келмейтін қасиеттері бар балалар. Олар – Тоқты, Шаян, Таразы, Торпақ. Мектептегі алғашқы жарты жылдықта ынтасы мол болады. Бірақ, көп жағдайда осы құлшыныстарынан айырылып, сабаққа деген қызығушылықтарын жылдам жоғалтады. Бұл балалардың ата-аналары жартылай аяқталмаған жұмыстың толық атқарылған жұмыстың жанында түкке тұрмайтындығын түсіндіруі керек.

Фиксациялық қасиеттері бар балалар. Оларға Торпақ, Сарышаян, Суқұйғыш, Арыстан жатады. Бұл балалар әрбір ісін 7 рет өлшеп, 1 рет кеседі. Өздерінің үй тапсырмасын, емледегі қателерін, күнделігін қайта-қайта тексеріп отырады. Оқушының детальдарға кіріп, ауқымды мәселелерге мән бермей кетуіне жол бермеу керек. Сол себепті оған ең алдымен тапсырманың мәнін түсіндіріп алған жөн.

Өзгертуге болатын қасиеттері бар балалар: Егіздер, Бикеш, Мерген, Балықтар жатады. Бұл балалар өзгелердің пікірі мен көзқарасына тәуелді өмір сүреді. Ата-аналары олардың өзге сыныптастарымен бірдей екендігін түсіндіріп отырғаны жөн.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mama.sarbk.ru

Қ. Бүйенбай