- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зырян ауданы мен...
Зырян ауданы мен қаласының атауы Алтай болып өзгерді
Фото:
qostanay.tv
Шығыс Қазақстандағы Зырян ауданы мен қаласы Алтай болып өзгерді. Жаңа атауды аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық ұйым мүшелері бірауыздан қолдады.
Қалалық мәдениет үйінде өткен отырыста аудан мен қала атауын өзгерту жайын аудандық мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдап, дауыс берді. Қоғамдық кеңес өкілдері тарапынан да, зиялы қауым өкілдері таңдауынан да қолдау тапқан жаңа атау Зырянды алмастыратын болды.
Айта кетейік, осыған дейін облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян атауын Алтай деп өзгерту туралы ұсынысты мақұлдағаны жайлы хабарланған еді.
Шығыс Қазақстан облысының шығыс жағындағы әкімшілік бөлік 1791 жылы полиметалл кен орнының бай қорын ашқан жұмысшы Герасим Григорьевич Зыряновтың есiмiмен аталып келген.
Н. Үсенова