Украинадағы жағдай әлі де ушығып тұр. Запорожьеге соққы жасалып, ондаған тұрғын қаза болған, оның ішінде балалар да бар. Massaget.kz тілшісі Украинадағы кейінгі жағдайға шолу жасады.
Запорожьеге зымыран соққысы тиді: қаза болғандар бар
Запорожьеге 9 қазанға қараған түні Ресей әскерінің жаппай зымыран соққысы жасалған. Оқиға салдарынан 14 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ондаған жаралы адам ауруханаға жеткізілген, оның ішінде алты бала бар.
"Жараланғандар мен қаза тапқандар арасында балалар бар", - делінген Запорожье облыстық мемлекеттік әкімшілігінің Facebook-тегі жазбасында.
Бас прокурор кеңсесі өкілдері шамамен бір бала қайтыс болғанын нақтылаған.
Қаза тапқандар саны артуы мүмкін - Зеленский
"Түнде Запорожьедегі тұрғын үйге соққы жасалып, салдарынан шамамен 14 адам қаза тапты. Өкінішке қарай, қаза тапқандар саны өсуі мүмкін. Үйінділерді талдау әлі де жалғасып жатыр", - деді Украина президенті Владимир Зеленский кешкі үндеуінде.
ЕО шамамен 15 000 украиналық сарбазды оқытқысы келеді
ЕО елдері шамамен 15 000 украиналық сарбазды оқытқысы келеді. Бұл туралы саясат және қауіпсіздік комитеті хабарлады. ЕО-ға мүше елдер бұл шараны әлі де ресми түрде растауы керек. Неміс БАҚ Германия мен Польша украиналық сарбаздарды оқытатынын және ЕО-ның басқа елдерінде курстар ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын жазған.
Путин Ресей Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді
Кремль ресейлік ақпарат агенттіктеріне президент Владимир Путин 10 қазанда Қауіпсіздік кеңесімен жиын өткізетінін хабарлаған.
"Ертең президенттің Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесуі жоспарланған", - деген Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Кеңес құрамына Ресейдің қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы жоғары лауазымды тұлғалары, оның ішінде бұрынғы премьер-министр Дмитрий Медведев, қорғаныс министрі Сергей Шойгу және сыртқы істер министрі Сергей Лавров та бар.
Қақтығыс басталғаннан бері Украина экономикасы 30 пайызға қысқарды
Украина Экономика министрлігі ел экономикасы 2022 жылғы алғашқы үш тоқсанда былтырмен салыстырғанда, 30 пайызға төмендегенін хабарлады. Министрлік бұл мәселені Ресейдің шабуылымен байланыстырады. Одан бөлек, ауа райының қолайсыздығы, Запорожье атом электр станциясындағы энергиямен жабдықтаудағы ақау егінге әсер еткен. Бірақ қыркүйекте экспорт тамызбен салыстырғанда 23 пайызға өскен. Ал бұл Мәскеу 24 ақпанда басып кіргеннен бергі ең үлкен өсім болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!