Зорлық көріп, кейін 10 қабатты үйдің терезесінен секірген павлодарлық қызға жаңа ота жасалады, әзірше ол өз бетімен жүре алмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодарда былтыр шілде айында 16 жастағы жетім қыз зорланды. Қорлыққа төзбеген жасөспірім 10 қабатты үйдің терезесінен секірген. Алған жарақаттарынан кейін оған бірнеше ота жасалған.
Сот қызды зорлаған және қылмыс туралы хабарламаған тұрғындарға қатысты үкім шығарды. Сот отырысында жас қызға тағы бір ота жасату керек екені белгілі болды. Облыстық балалар ауруханасынан зардап шеккен қызды шығарды. Қазірде ол Жастар үйінде тұрады.
"Мен сіңліммен әрдайым байланыстамын. Оған жиі келіп тұрамын. Психологиялық, физикалық тұрғыдан жасайтын жұмыс әлі де өте көп. Оның жағдайы нашарлап кетпесе де, әлі де тұрақсыз. Күні бүгінге дейін қорқыныш сезімі кетпейді, жаман түстер көреді", - деді оның әпкесі.
Жасөспірімнің әпкесі сіңлісін емдеген барлық дәрігерге алғыс айтты.
"Менің сіңлім ветеринар болғысы келеді. Болашақта өзіне көмек қолын созған адамдар сияқты ол өзінің қайырымдылық қорын ашуды армандайды", - деді Дарья Дмумушева.
Еске салайық, сотта 19 жастағы тұрғынды 16 жастағы жетім қызды зорлағаны үшін 15 жыл және алты айға бас бостандығынан айырды. Сотталушыдан жәбірленушіге моральдік зиян келтіргені үшін 8 миллион теңге өтемақы алынады. Ал қызға көмек көрсетпеген екі тұрғынды төрт жылға бас бостандығынан айырыды. Үкім заңды күшіне енбеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!