17 қарашада Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясының шахтасынан 40 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның алдын ала мәліметінше, қаза тапқан ер адамның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған. Өлімнің себебі медициналық сараптама арқылы анықталады.
"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!