- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зорлық немесе бопсалау:...
Зорлық немесе бопсалау: облыс әкімі орынбасарының басы дауға ілікті
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов бопсалаудың құрбаны болды. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін Facebook қолданушыларының бірі Батырғожиновті "қыз зорлады" деп айыптаған болатын. Жазба авторының айтуынша, әкім орынбасары "қызды полицияға арыз жазбауға көндіре бастаған, оған сыйлықтар, ақша беріп және мемлекеттік пәтер алуға көмектесеміз деп уәде берген" делінген.
Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бопсалау фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Батырғожинов денсаулығына байланысты 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап еңбек демалысында.
19 наурызда бопсалау ісі бойынша сот бойынша алдын ала тыңдау уақыты белгіленгені белгілі болды. Ол 27 наурызда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.
"Қылмыстық іс 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы "Аса ірі көлемде жасалған бопсалау" бойынша сотқа жіберілді. Іс бойынша алдын ала тыңдау 27 наурызға белгіленген. Уақыты мен форматы туралы қосымша хабарлаймыз", - деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан