- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зорлық құрбаны болған...
Зорлық құрбаны болған әйелдер не себепті арыздарынан бас тартады? Қошанов жауап берді
Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов отбасындағы зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер не себепті арыздарынан бас тартатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Конференция "Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу" тақырыбына арналған.
Бұған дейін Мәжіліс төрағасы тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті криминизациялау қарастырылып отырғанын айтқан болатын.
"Тек заңнамалық шаралар жеткіліксіз екенін бәріміз түсінеміз. Бізге бүкіл қоғамның көзқарасын жан-жақты қайта бағалау қажет. Бізде әлі де тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа төзімділік жоғары деңгейде екенін мойындаймыз. Мысалы, социологиялық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, зорлық-зомбылық құрбандары жиі татуласуға келіседі", - дейді ол.
Қошановтың айтуынша, құрбандар бірнеше себептер бойынша да өз арыздарын қайтарып алады:
- туыстары мен достарының сөзінен қорқу;
- агрессордан қорқу;
- жазалау шараларын жеткіліксіз деп санау.
"Бұл ең алдымен шығыс әйелдеріне тән. Сондықтан бүгінде кез келген құқықбұзушылыққа, әсіресе зорлық-зомбылыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыратын кез келді. Ұйымдастырушылық және үйлестіру шараларын қабылдау қажет", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек