Бір жылда балалар мен жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылық саны 11 пайызға өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл бірінші тоқсанда әйелдерге қарсы 13,3 мың қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл былтырғыдан 14,8 пайызға аз. Салада құқықбұзушылық санының азаюы бірнеше жыл қатарынан тіркеліп отыр.
Сонымен қатар, осы кезеңде кәмелетке толмағандарға қатысты 633 құқықбұзушылық тіркелді, бұл былтырғыдан 10,9 пайызға артық.
2022 жылғы бірінші тоқсанда саладағы құқықбұзушылықтар саны 16,5 пайызға азайып, 571 болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш керісінше 13,4 пайызға өсіп, 684 болған, ал 2020 жылы 4 пайызға төмендеп, 603 болды.
Өңірлер бойынша әйелдерге қарсы құқықбұзушылықтардың ең көп саны Алматыда тіркелді: 2,6 мың оқиға, бір жыл бұрынғыдан үштен бірге аз. Одан кейін Астана мен Алматы облысында, тиісінше 1,8 мың және 1,1 мың құқықбұзушылық тіркелген.
Балаларға қарсы құқықбұзушылықтың басым бөлігі Түркістан облысында тіркелді, 67 оқиға, бұл былтырғыдан 6,3 пайызға көп. Одан кейін Алматы облысы мен Алматы тұр, сәйкесінше 58 және 53 іс.
Балаларға қарсы тұлғаға қарсы құқықбұзушылықтар жиі тіркелді: 329 жағдай, бір жыл бұрынғыдан 6,3 пайызға аз. Одан кейін меншікке және көлікке байланысты қылмыстар тұр. Балаларға қатысты жиі тіркелетін құқықбұзушылықтар қатарында он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттер, зорлау әрекеттері де тіркелген. Сондай-ақ, жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу және ұрлау деректері де бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!