Түркістан облысында адвокатқа сот үкімі шықты. Қорғаушы сотта көрінеу жалған айғақ беру бабы бойынша кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Бұған дейін зорлау ісі бойынша жәбірленуші соттың негізгі отырысында бастапқы шынайы айғақтарынан бас тартып, күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босату мақсатында әдейі жалған жауап берген.
Арнайы прокурорлар жүргізген тергеу барысында оны мұндай әрекетке адвокат көндіргені анықталған.
Сот адвокат пен әйелді кінәлі деп таныды. Олар тиісінше 5 және 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Осыған байланысты прокуратура көрінеу жалған айғақ беру заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
Бұған дейін Түркістан облысында 71 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шығарылды. Ол 15 жастағы мектеп оқушысын зорлады деп айыпталған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!