- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зорлап, балконнан құлатып...
Зорлап, балконнан құлатып жіберген: Ақтөбеде күдіктіге сот үкімі шықты
Ақтөбеде сот адам өлтіру және зорлау бойынша ер адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Елді дүрліктірген қылмыс 2023 жылы 8 маусымда Тургенев көшесіндегі 12 қабатты үйде болған. Басылым мәліметінше, 19 жастағы Әйгерім пәтерде танысымен бірге болған. Сот үкімінен оның қызды зорлап, кейін жетінші қабаттан құлатуды ұйғарғаны белгілі болды.
Әйгерім балконның ағаш жақтауынан ұстанып қалған, ал ер адам бұл кезде қыздың қолынан ұрған. Осы соққылардан кейін Әйгерім құлап, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.
Сот зорлау және адам өлтіру бойынша айыпталушыны 18 жылға бас бостандығынан айырды.
Бұған дейін марқұмның ГМЗ ауданында тұратыны, №15 мектепті бітіргені, жоғары оқу орнында оқығаны хабарланған болатын. Бастапқыда полицейлер зорлау және өзін өлтіруге дейін жеткізу баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бірақ тергеу барысында тағы да жантүршігерлік жайттар белгілі болды, Әйгерімнің өлу ниеті болмағаны, керісінше өмірі үшін күрескені белгілі болды. Әйгерім туралы БАҚ-қа мәлімдеген ең жақын құрбысы да өз-өзіне қол жұмсау нұсқасына сенбеген, ол дұрыс болып шықты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан