Зорланған қыздардың құқығын қорғап жүрген қоғам белсендісі Дина Таңсәрі қазір ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "НеМолчи KZ" қоғамдық қоры жетекшісінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, халықтан көмек сұрады.
Оның мәліметінше, Дина Таңсәріде екі рет жүрек талмасы болған. Әуелі 9 тамызда, одан соң 25 тамызда қайталанған. Бұл жолғы инфаркт өте күшті болып, бір сағатқа созылды. Қалада дәрігерлердің жоқтығынан және қаржылық мүмкіндігінің болмауына байланысты ем ала алмай, жүрек талмасын үйде жатып өткерген. Жедел жәрдем шақыруға шамасы болмаған және бос шығын деп есептепті.
24 тамызда Дина терапевт дәрігердің қабылдауында болған. Дәрігер ЭКГ арқылы жүрек жұмысында қиыншылық бар екенін айтып, содан кардиологқа жазылған. Ал жүректің ультрадыбыстық зерттеуіне тек қыркүйектің ортасына жазылуға болады, басқа уақытта дәрігер жоқ.
Бірақ 25 тамызда тағы да жүрек талмасына ұшыраған, сондықтан қыркүйекке дейін күту қауіпті. Бүгін жағдай нашарлап, басқа қалаға баруға тура келді. Черногорияда медицина осындай, маман өте аз, қазір көпшілігі демалыста, сондықтан кардиологты басқа қаладан таптық деп жазған әлеуметтік желідегі жазбада.
Дина Таңсәріге такси, дәрігер қабылдауы, тексеру, анализдер, ультрадыбыстық және жүрек ЭКГ ақысына қаржылай көмек қажет. Ауруханаға жатқызу қажет болса, оны да төлеу керек болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!