Сенат депутаты, бұрынғы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Кожаев Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеп жатқанын дәлелдейтін суреттер мен бейнематериалдардың неліктен жоқ екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап берген депутат Бишімбаевтың фото, видеоға түсуге қарсы екенін алға тартты.
"Бұл азаматтық құқықты қорғаумен байланысты. Тіпті жазасын өтеп жатқан азаматтың да өз құқықтары бар. Егер ол өзін көрсеткенін қаламаса, біз оны мәжбүрлей алмаймыз. Кешіріңіз, мен күш құрылымдарының маманы ретінде қаттырақ айтсам, бұл зоопарк емес. Ресми тұлғаларға сену керек, ол жазасын Степногорскідегі қауіпсіздігі жоғары колонияда өтеп жатыр", - деп түсіндірді Қожаев.
Еске салайық, жақында әлеуметтік желілерде Бишімбаевтың қазақстандық колонияларда жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Кейбір БАҚ оны Степногорск немесе Аршалыда жазасын өтеп жатыр деп болжады. Ал қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияны айтудан бас тартты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!