Зімбір тамырында С және В1, В2, В6, В9 дәрумені көп. Олар ағзаның иммундық жүйесіне қолдау көрсетеді, сондықтан зімбірді суық тигенде немесе аурудың алдын алу үшін жиі тұтынуға кеңес беріледі. Сонымен қатар, зімбір құрамында алкалоид гингерол бар, ол эфир майларымен бірге көптеген пайдалы қасиетке ие. Оның үш негізгі қасиеті:
Зімбірдің антиоксиданттық қасиеті
Зімбір ағзадағы бос радикалдармен күресуге, иммундық жүйенің тиімді жұмысына ықпал ететін тотығу стрессінің алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, антиоксиданттар ағзадағы жаңару процестеріне ықпал етеді.
Қабынуға қарсы қасиеті
Зімбірде кездесетін гингеролдың қабынуға және бактерияға қарсы қасиеті бар. Сондықтан зімбір қабынуды азайтуға көмектеседі.
Дененің жылуды реттеуі
Сонымен қатар, зімбір ағзаның жылу шығаруын күшейте алады, бұл инфекциялармен күресу кезінде пайдалы. Яғни суық тию мен тұмауда көмектеседі, өйткені дене температурасының жоғарылауы иммундық реакцияны күшейтуі мүмкін.
Зімбір иммунитетті күшейте ала ма?
Зімбірдің иммунитетті күшейтетінін растайтын тікелей және нақты ғылыми дәлелдің жоғына қарамастан, адамдар зімбірдің денсаулыққа оң әсерін айтып жатады.
Белсенді өмір салтын ұстанып, теңдестірілген диетаңызға зімбірді қосатын болсаңыз, ол денсаулыққа тек оң әсерін беруі мүмкін. Алайда, диетаға белгілі бір өзгерістер енгізбес бұрын дәрігер кеңесін алған жөн.
Айта кетейік, бұған дейін бір ай бойы күнде зімбір жесе, ағзада не болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Жолға шыққанда оразаны бұзуға бола ма?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!