- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зиян тамақты қаншалықты...
Зиян тамақты қаншалықты жиі жеуге болады?
Кейде дәмді әрі зиян тамақ жегіміз келеді. Мұндай тағамның денсаулыққа қаупін азайту үшін не істеу керек? Бұл сұраққа диетолог Екатерина Казачкова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Radiosputnik"-ке сілтеме жасап.
Тәтті, майлы және тұзды тағамдардың денсаулыққа зиян екенін білеміз. Диетологтың айтуынша, мұндай тағамды мүлдем жемеген жөн.
"Еш пайдасы жоқ және зиянды тамақты жемеген дұрыс, себебі олардың құрамында майлар, тұз және қант көп. Олардың бәрі ағзаға жағымсыз әсер етеді. Тұз - ісінуге, ал қант артық салмаққа әкеледі. Фастфудтағы трансмайлар бауырды, жасушалық құрылымды улайды. Олар майлы гепатоз, атеросклероз және жүрек-қан тамырлар ауруларының даму қаупін арттырады", - деп ескертті маман.
Десе де, диетолог кейде дәмді әрі зиянды тамақ жеуге болатынын, бірақ жалпы рационның калориясына мән беру маңызды екенін айтты.
"Екі аптада бір рет зиянды тамақ жеп тұруға болады. Фастфуд және басқа да зиянды тамақтар - өте калориялы өнімдер, сондықтан оларды жиі жемеген дұрыс. Егер сіз алып жатқан калория сіз жұмсайтыннан көп болса, сәйкесінше, салмақ қосылатын болады", - дейді Екатерина Казачкова.
Дәрігердің айтуынша, мәзіріңізге жиі жасұныққа бай өнімдер қосу арқылы зиянды тамақтың салдарын азайтуға болады.
"Құрамында жасұнығы көп көкөністерді көбірек жеу керек. Ол трансмайлардың бір бөлігін сіңіріп алады. Оған қоса, олар пайдалы емес тамақты қорытуға көмектеседі", - деді диетолог.
Оқи отырыңыз: Қандай шай шаршағанды басып, мидың жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі?
А. Жапатова