- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зейнеткерлерге коммуналдық қызметті...
Зейнеткерлерге коммуналдық қызметті төлеуге көмек көрсетілетіні рас па?
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Үкімет қаулысына сәйкес барлық зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты қаржылық көмек көрсетілетіні туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Қазақстан Үкіметі дотациялық қаржылық көмек туралы қаулы қабылдамағандықтан, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп нақтылады Еңбек министрлігі.
Сонымен қатар, министрлік "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес әкімдіктер жергілікті бюджет қаражаты есебінен аз қамтылған отбасылар мен азаматтарға жалғыз тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар мен шекті рұқсат етілген шығыстар деңгейі арасындағы айырмашылықты өтеу үшін тұрғын үй көмегін көрсететінін еске салды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз