- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зейнеткерлер алаяқтың құрбаны болған
Зейнеткерлерден 6 миллион теңгеден аса ақша алған: Көкшетауда екі дроппер ұсталды
Көкшетауда полицейлер екі дропперді қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
18 жастағы жігіттер үш ақмолалық зейнеткерден 6 миллион теңгеден астам ақша алған. Көкшетаудың үш тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болды.
"22 және 23 қазанда зейнеткерлердің телефондарына бірдей ақпаратпен қоңыраулар түсті. Белгісіз абоненттер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, немерелерінің жол-көлік оқиғаларына тап болғанын хабарлады. Алаяқтар мәселені ақшаның көмегімен шешуді ұсынды және зейнеткерлерді алдап, соңғы жинақтарын алып қойған", - делінген хабарламада.
Зейнеткерлерден ақшалай қаражатты Оңтүстік астанадан Көкшетауға келген 18 жастағы екі курьер алған. Полиция дропперлерді дереу анықтап, ізін суытпай ұстаған.
"Жастардың айтуынша, оларға жеңіл табыс телеграмм қосымшасында ұсынылған. Курьердің жұмысына не кіретінін түсіне отырып, жастар кураторлардың нұсқауы бойынша Көкшетауға келген. Екі күн ішінде олар үш мекенжайды айналып өтіп, қорыққан зейнеткерлерден ақшаларын алған. Олар қолма-қол ақшаны жұмыс беруші көрсеткен шоттарға аударды. Қазіргі уақытта барлық үш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр".
Олар ұсталып, жауап алынып жатыр. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан