Павлодарда зейнеткер әйелді тонамақ болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
11 наурызда полицияға осы оқиға туралы хабарлама түскен. Камзин көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде, кейін кіреберісінде белгісіз ер адам зейнеткердің азық-түлік салынған дорбасы мен әмиянын тартып алуға тырысқан. Алайда күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
"Жедел қызметкерлер бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеді. Нәтижесінде Екібастұз қаласының тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.
Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз