- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зейнеткер 50 мың...
Зейнеткер 50 мың теңгені ішкиіміне жасырып, түрмеге кіргізбек болған
Алматы облысында зейнеткер 50 мың теңгені ішкиіміне жасырып, түрмеге кіргізбек болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ЛА-155/12 ҚАЖД мекемесіне аз ғана уақытқа ұлына келген Алматы облысы Райымбек ауданының 65 жастағы тұрғыны түрмеге 50 мың теңге кіргізбек болған. Алайда ол ұсталып, ақшасы тәркіленген.
Бұл іс бойынша материалдар жинақталып, Қонаев қалалық сотына жолданған.
Ж. Қадыржанова