Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану үшін жеткілікті шекті төмендету туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Зейнетақы жинағын ерте жастан пайдалану болашақта, қартайғанда бұл төлемдердің құны төмендеуіне әкеп соғады. Сондықтан қазір бұлай жасаудың қажеті жоқ сияқты", - деді министр.
Қазақстанда жаңа шек 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста. Айта кетейік, 2025 жылға арналған шек өзгерген жоқ, 2023 және 2024 жылдардағы деңгейінде қалды және жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейін өзгереді.
20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш - 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағылар үшін 4 миллион 580 мың теңге, 40 жастағылар үшін 6 миллион 100 мың теңге.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!