Қазақстанда зейнетақы төлемі мен мұрагерлердің құқығына қатысты ережелердің бірі өзгерді. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа норма ресми түрде күшіне енеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутаттың сөзінше, бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін.
"Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созып ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді. Енді бұл ережені өзгерттік", - деді ол.
Асхат Аймағамбетов отбасыларға таңдау берілетінін мәлімдеді.
"Зейнетақы аннуитеті бойынша шотта ақша қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайын бөліп алуды жалғастыра береді немесе қалған барлық соманы бір-ақ күнде, бірден толық алып кете алады. Бұрынғыдай бір ғана қатал шектеу жоқ, таңдау отбасының өз қолында", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова