Ақтөбеде тұрғынды зейнетақы жинағындағы ақшаны алып беретінін айтып алдаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, алаяқ жәбірленушіден 130 мың теңге алған. Полиция Ақтөбе тұрғынының ақшасын иеленген күдікті әйелді полиция бөліміне жеткізді. Тергеп-тексеру барысында күдікті 48 жастағы тұрғынның зейнетақы жинағын алып беретінін айтып, өз қызметі үшін одан 130 мың теңгеге жуық ақша алғаны анықталды.
Жәбірленуші оны ортақ таныстары арқылы тауып, ұялы телефон арқылы байланысқан және ақшаны күдікті көрсеткен шотқа банк қосымшасы арқылы аударған. Алайда уәде етілген зейнетақы қорындағы ақшасын да, өз ақшасын да қайтарып ала алмаған.
Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, алаяқтық дерегі бойынша күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!