Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2025 жылы ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгеріссіз қалатынын хабарлады - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"БЖЗҚ 2025 жылға арналған ТЖШ (ең төменгі жеткіліктілігі шегін) жариялап, ТЖШ өлшемдері 2024 жылғы деңгейде өзгеріссіз қалғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылы да ТЖШ мөлшері көтерілмеген болатын.
ТЖШ - бұл ай сайынғы зейнетақыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес көлемде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған) ең төменгі мөлшері.
Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақ зейнетақы жарналарының (ең төменгі жалақы мөлшерінен) болжамды есептеулеріне және инвестициялық кірістілікке сүйене отырып анықталатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемі есебімен) алуы үшін шотта қалуы тиіс ең төменгі көрсеткіш.
ТЖШ есептеу Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Әдістемеге сәйкес, биылғы жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде 2025 жылға арналған мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:
Салымшы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақ есепшотындағы қаржысының шекті мөлшерден асқан бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе жекеменшік қаржы компанияларының басқаруына беруге құқылы. Ондай салымшылардың қатарына мыналар кіреді:
2025 жылы адамның жасына қарай ең төменгі жеткіліктілік шектері мынадай:
Сурет: massaget.kz
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!