- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зейнетақы қорынан 66,5...
Зейнетақы қорынан 66,5 млрд теңге уақытынан ерте шешіп алынды – Сүлейменов
Биыл ақпанда қазақстандықтар зейнетақы қорынан 66,5 уақытынан ерте шешіп алды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2024 жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 0,3%-ға өсіп, 60,2 млрд доллар болды. Ақпанның қорытындысы бойынша инвестициялық табыс 1,44%-ды немесе 0,87 млрд долларға өсті. Жыл басынан қорға түсетін түсімдер сомасы 912 млрд теңге, оның ішінде ұлттық валютада 184 млрд теңге болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттер көлемі 1 трлн теңгеге жетті", - деді төраға.
Тимур Сүлейменов БЖЗҚ активтері оң динамикаға ие екенін, зейнетақы қорынан 66,5 млрд теңге мерзімінен бұрын алынғанын атап өтті.
"Жыл басынан бері зейнетақы активтері 18,4 трлн теңгеге дейін немесе 3,6%-ға өсті. Инвестициялық табыс көлемі – 151,1 млрд теңге, зейнетақы жарналары 196,4 млрд теңге, ал жарнаны мерзімінен бұрын алу сомасы 66,5 млрд теңге болды", - деді басшы.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы