Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу ережесі өзгермек. Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі Зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерінен медициналық қызметтердің бір түрін алып тастауды ұсынады.
"2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін Қағидалардың 1-қосымшасының 2-тармағының қолданылуын тоқтата тұруды бұйырамын: Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тістерді протездеу, имплантациялау)", - делінген мәтінде.
Осылайша, егер бұйрық қабылданып, күшіне енсе, 10 тамыздан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағын стоматологиялық қызметтерге қолдана алмауы мүмкін.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі баласын емдеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға рұқсат беруді ұсынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!