Желіде зейнетақы жинағының 50 пайызын кез келген мақсатта жұмсауға алып бере алатынын айтып, ақы сұрайтын алаяқтар пайда болған. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына алаяқтардың әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратуының жиілеп кеткен жағдайлары туралы хабарлады.
"Жалған делдалдар өздерін қордың қызметкерлері ретінде таныстырып, зейнеткерлерге ақысын төлесе, зейнетақы жинақтарының 50 пайызын кез келген мақсатта жұмсауға алып беруді ұсынған. Бұл ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді", - делінген БЖЗҚ хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!