Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысында ауқымды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан" қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленген.
"Тергеу барысында тек зейнетақы активтерін заңсыз шығару схемасын ұйымдастырушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк" тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЖЗҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!