Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты маңызды өзгеріс әзірленіп жатыр

Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты маңызды өзгеріс әзірленіп жатыр
Фото: ЖИ

Енді Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинағын бірнеше мақсатта пайдалана алуы мүмкін. Мұндай бұйрық жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында талқыланады.

Жоба зейнетақы жинағын пайдалану мүмкіндігін кеңейтуді көздейді. Оны мынадай мақсаттарға бағыттауға рұқсат беру ұсынылып отыр:

  • тұрғын үй несиесі бойынша негізгі қарызды өтеу;
  • ай сайынғы төлемді азайту;
  • несиенің мерзімін қысқарту.

Министрлік мәліметінше, өзгерістің мақсаты - біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget