Зейнетақы жинағын алу: 2025 жылға арналған жеткілікті шек қандай?

Зейнетақы жинағын алу: 2025 жылға арналған жеткілікті шек қандай?
Фото: depositphotos.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2025 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың жеткілікті шек мөлшерлемесін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанда жаңа жеткілікті шек мөлшерлемесі 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, 2025 жылға арналған жеткілікті шек өзгерген жоқ (2023 және 2024 жылдар деңгейінде қалды - еск.) және жасына байланысты 3-тен шамамен 10 миллион теңгеге дейін болады.

  • 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш 3 миллион 260 мың теңгеге,
  • 30 жастағы адамдар үшін - 4 миллион 580 мың теңгеге,
  • 40 жастағы адамдар үшін - 6 миллион 100 мың теңгеге тең.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек