Қазақстанда зейнет жасына қатысты өзгерістер қашан болады? Кімдер зейнетке ерте шыға алады және алдағы жылдары қандай жаңа ережелер күшіне енеді? Бұл сұрақтар әр отбасыны мазалайды. Tengrinews.kz бүгінгі зейнетақы жүйесіне қатысты барлық деректі жинады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зейнет жасы: не өзгереді және қашан
Қазір ерлер 63 жаста зейнетке шығады. Әйелдер үшін зейнет жасы 61 болып бекітілген және бұл көрсеткіш кем дегенде 2027 жылдың аяғына дейін сақталады. Кейін ол кезең-кезеңімен көтеріледі:
Кімдер зейнетке ерте шыға алады?
Заңда жалпы тәртіптен бөлек жеңілдіктер бар:
Жаңа ережелер
Мемлекет кейінгі жылдары әлеуметтік саясатты белсенді түрде өзгертіп жатыр:
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ОПВР)
2025 жылдан бастап жұмыс берушілер де қызметкерлер үшін қосымша зейнетақы жарнасын төлейді:
Бұл жарналар жұмыс берушінің есебінен төленеді, қызметкердің жалақысынан ұсталмайды. Мұндай жарналардан зейнеткерлер, І және ІІ топтағы мүгедектер, әскерилер және 1975 жылдан бұрын туғандар босатылады.
Мысал: Егер айлығыңыз 300 000 теңге болса, 2026 жылы жұмыс беруші сіздің шотыңызға қосымша ай сайын 10 500 теңге (жылына шамамен 126 мың теңге) аударып отырады.
Неге жинақтарды тексеру керек?
Келешектегі зейнетақыңыз тек реформаларға емес, жұмыс берушіңіздің жарналарды уақытылы аударуына да байланысты. Еңбек министрлігінің дерегінше, елде жұмыс істейтіндердің 30%-дан астамы мүлдем зейнетақы жүйесіне қатыспайды, бұл - болашақта минимал зейнетақы алу қаупін арттырады.
Мамандар кем дегенде зейнетке шығар алдында бір жыл бұрын дайындалуды ұсынады:
Жақында Оралда болған жағдай: ер адам жұмыс берушінің жарнаны кешіктіріп аударғанын сотта дәлелдеп, зейнетақысын қайта есептеткен.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жинақталған қаражат мұраға қалдырыла ма?
Иә, ЕНПФ-тағы жинақтар мұрагерлерге беріледі. Бірақ міндетті медициналық сақтандыру жарналары мұраға қалдырылмайды.
Жұмыс беруші жарна төлемесе не істеу керек?
Алдымен жарнаны аударуды талап ету керек. Егер бас тартса, еңбек инспекциясына немесе сотқа жүгіну қажет.
Өз өтілі мен жинақ сомасын қалай білуге болады?
ЕНПФ сайтындағы жеке кабинетте, қосымшада немесе Egov порталында.
Зейнетақы төлемдері тоқтатылуы мүмкін бе?
Егер зейнеткер ұзақ уақыт шотты пайдаланбаса, төлем уақытша тоқтатылады. Деректерді растаған соң төлемдер қайта басталады.
Қазақстанда зейнетақы жүйесі біртіндеп өзгереді: зейнет жасы өседі, төлемдер индексацияланады, жаңа жеңілдіктер енгізіледі. Бірақ лайық зейнетақының басты шарты өзгермейді - тұрақты жарналар мен қаржылық тәртіп. Әйтпесе, зейнетке шыққанда минимал төлем алатындардың қатарында қалу қаупі бар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!