- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зерттеу көрсеткен: өмірді...
Зерттеу көрсеткен: өмірді ұзартуға әсер етуі мүмкін тағам аталды
Медицина ғылымдарының докторы, эндокринолог Зухра Павлова жұмыртқаны үнемі тұтыну өмірді ұзартуға ықпал етуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Павлова 18-35 жас аралығындағы жастар зерттелген америкалық ғалымдардың зерттеуіне сүйенген.
Зерттеуде ең жақсы нәтижені тұтас тауық жұмыртқасын тұтынған топ көрсеткен. Мұндай диета қандағы холестерин деңгейін төмендетуге және қан тамырлары мен жүректің жақсаруына ықпал етіпті.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес жұмыртқаны күнделікті тұтыну холестерин деңгейін жоғарылату арқылы атеросклероз дамуына жол бермейтінін де көрсеткен. Ал бұл - артерияның ішкі қабатында холестерин қалдықтарынан құралған түйіндер тұрып қалуынан пайда болатын артерияның созылмалы ауруы.
Зерттеуге қатысушылар жұмыртқаны қандай күйде тұтынғаны көрсетілмеген. Павлова оларды қайнатуға немесе буға пісіруге кеңес береді.
Сонымен қатар, дәрігер жұмыртқаның сарысы метаболизмді, липидтер алмасуын және иммундық функцияны жақсартатын биологиялық белсенді қоректік заттар мен қосылыстарға бай екенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова