Елімізде 2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтарының жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кезең-кезеңімен кіруі жүргізіліп жатқаны баршаға мәлім. Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, өндірістік емес төлемдер және жеке тұлғалар бөлімінің бас маманы Еламан Сагатпеков декларациялауға қатысты Massaget.kz тілшісінің сұрағына жауап берді.
Туыстарым маған сыйлаған зергерлік бұйымдар бар. Оларды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсету керек пе?
"Салық кодексіне сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлғаның қалауы бойынша, егер осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) АЕК мөлшерінің 1000 еселенген мөлшерінен асатын болса, басқа мүлік көрсетілуі мүмкін. Яғни, 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге бұл 3 450 000 теңгеден астам сомада көрсетіледі. Егер зергерлік бұйымдардың құнын растайтын құжат болмаса, онда 31 желтоқсан 2023 жылғы жағдай бойынша декларацияны тапсыру мерзіміне дейін 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тәуелсіз бағалаушылардан бағалау жүргізу қажет", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!