"Зерде" тұңғыш қазақша смартфоны жобасына қолдау көрсету мақсатында Моңғолияның тау спорты шебері Жанарбек Ақыбиұлы "Зерде" смартфонын және "Зерде" белгісі басылған туды Моңғолияның Бесбоғда шыңғына алып шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3000 жылдық тарихы бар тас. Көне дәуір адамдары тасқа бейнелеген аң-құс таңбалары
"Зерде" белгісі басылған көк байрақты шың басында желбіреткен атаулы сапарды Жанарбек Ақыбиұлы көмекшілерімен бірге жарты ай уақытта басып өткен.
"Зерде" белгісі басылған көк байрақ Бесбоғда шыңына шығу алдында
Жанарбек Ақыбиұлының айтуынша, бұл әсте тауға шығып серуендеу емес, қайта әлем қазақтарының бүгінгі заманауи технологияның ортақ тілі аясында бірігіп, тілектес-ниеттес екенін әрқашан әйгілеу екен.
Бесбоғда шыңына 20 км қалған сәт
Естеріңізге сала кетейік, тұңғыш қазақша «Зерде» смартфонын насихаттау үшін 21 жастағы Қуанақын Серікұлы есімді азамат дүниедегі ең ірі көшпелі құмды шөл Такла-Маканды жаяу кесіп өтіп, Гиннесс кітабына енген болатын.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: Жанарбек Ақыбиұлы