“Зеңбіректен 21 рет оқ атылды“. Душанбе Тоқаевты ерекше қарсы алды

“Зеңбіректен 21 рет оқ атылды“. Душанбе Тоқаевты ерекше қарсы алды

Президент Душанбедегі "Қасри Миллат" сарайына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Душанбеге мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды. 

Ресми шара кезінде Мемлекет басшысының құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылды.

Мұнан соң Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.

Қазақстан мен Тәжікстанның мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. 

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Ақ залға өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина