Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Украина президенті сайтында жарияланған жарлыққа сәйкес бұл қызметке бұрын Түрікменстанда елші болған Виктор Майко тағайындалған.
"Виктор Анатольевич Майко Украина Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды", - деп жазылған жарлықта.
Айта кетейік, Украина елшісі лауазымы 2022 жылғы қазаннан бері бос тұрған еді. Бұған дейін бұрынғы елші Петр Врублевский қызметінен кеткен болатын.
Виктор Майко 1960 жылы Днепропетровск қаласында дүниеге келген. Киевтегі Тарас Шевченко атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша бітірген.
Оқудан кейін журналист, Ұлыбританиядағы Украина елшілігінің мүшесі, Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары болып жұмыс істеген.
2005-2010 жылдары Украина Республикасының Түрікменстандағы елшісі қызметін атқарған.
2010-2014 жылдары Украина СІМ орынбасары болған.
2014-2020 жылдары Украина СІМ кеңесшісі болған.
2020 жылғы желтоқсанда Украина Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Ағылшын тілін еркін меңгерген. Үйленген, қызы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!