Владимир Зеленский Украинаның бес елдегі елшілерін қызметінен босатты. Жарлықтар Украина президенті сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Украина басшысының жарлығы бойынша Украинаның Венгриядағы, Норвегиядағы, Чехиядағы және Үндістандағы елшілері қызметінен босатылды.
Украинаның Үндістандағы елшісі Украинаның Мальдив аралдары, Непал, Шри-Ланка және Бангладештегі елшісі қызметінен де босатылған.
Сондай-ақ, БАҚ Германия үкіметі Ресейден отын транзитін қалпына келтіру үшін, Siemens турбинасына байланысты екі ел арасындағы қайшылықтар күшейгеннен кейін Германиядағы елші Андрей Мельник жұмыстан босатылғаны туралы жазып жатыр.
Зеленскийдің өзі Украина елшілерінің жұмыстан босатылуын тұрақты ротация деп атады.