Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Зеленский өзінің Telegram-каналында хабарлады.
"Әуелі елімізге көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысымды білдірдім. Мен әріптесіме Украинаның бейбітшілік формуласын жүзеге асыру бойынша қауіпсіздік кеңесшілерінің жұмысының нәтижелері және Жаһандық бейбітшілік саммиті алдындағы дайындық шаралары туралы хабардар еттім", - деп жазды Зеленский.
Ол бүгін Киевте күштеп қоныс аударылған украин балаларды қайтару жөніндегі халықаралық коалицияның отырысы өтіп жатқанын атап өтті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!