- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зеленский Ресеймен келіссөз...
Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізу шартын атады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беретін шартты атады. Бұл туралы ол Львовта Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен өткен үшжақты кездесуден кейін айтты, - деп хабарлайды Anadolu басылымы.
"Ресей басып алған жерлерден кеткенде ғана бейбіт келіссөздер басталады", - деді Зеленский.
Сондай-ақ ол Украинаның бұл мәселедегі ұстанымы өзгермейтінін ескертті.
Г. Досымшалова