Зеленский ресейлік, украиналық 119 адамға қарсы санкция жариялады

Зеленский ресейлік, украиналық 119 адамға қарсы санкция жариялады

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік актерлерге, әншілерге, шоумендерге және спортшыларға қарсы жаңа санкциялар туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Санкцияға кіргендер қатарында Ирина Аллегрова, Максим Аверин, Дима Билан, Игорь Бутман, Александр Буйнов, Лариса Долина, Полина Гагарина, Михаил Галустян, Филипп Киркоров, Сергей Лазарев, Григорий Лепс, Никита Михалков, Евгений Петросян, Стас Пьеха, Юлия Савичева, Анна Семенович, Виктор Сухоруков, Михаил шуфутдинский, Дмитрий Харатян, Леонид Якубович бар.

Сондай-ақ, Украина азаматтарына әнші Лолита Милявская, тележүргізуші Жанна Бадоева және украиналық футболшы, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны, ресейлік "Зенит" клубында бас жаттықтырушының көмекшісі болып жұмыс істейтін Анатолий Тимощукке санкциялар салынды.

Тізімде барлығы 119 адам бар.

Оларға 10 жыл бойы Украинаға кіруге, осы елдегі активтерді пайдалануға, Украинадан капиталды шығаруға да тыйым салынған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова