Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік кәсіпкерлерге, әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындарға және мұнай саласына қатысы бар компанияларға қарсы санкциялар енгізу туралы үш жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Украинская правдаға" сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, Зеленский бұл туралы 4 қазанда Telegram-арнасында жарияланған видеоүндеуінде айтты.
"Бүгін жаңа санкция туралы бірнеше жарлыққа қол қойдым. Олар әртүрлі бағыттағы санкциялар", - деді Украина президенті.
Оның айтуынша, бірінші жарлық - мерзімі аяқталған бұрынғы санкцияларды ұзарту. Бұл, ең алдымен, ресейлік кәсіпкерлерге қатысты. Екінші жарлық Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешеніне қарсы, нақтырақ айтқанда, дрондар мен олардың бөлшектерін өндірушілерге бағытталған. Үшінші жарлық Ресейдің мұнай секторымен байланысты тұлғалар мен компанияларға қатысты санкциялар енгізуді көздейді.
Зеленский Украина Ресейге қарсы "кешенді қысым саясатын" жалғастыратынын айтты.
"Мұны әрі қарай серіктестерімізбен үйлестіріп отырамыз. Қазір көптеген украиналық әзірлемелер біздің серіктестеріміздің санкцияларының негізіне айналып жатыр. Санкцияларымызды серіктестермен синхрондауға сенеміз. Сонымен қатар, Еуропалық Одақтың 19-шы санкциялық пакетін және АҚШ-тың сәйкес қадамдарын күтеміз", — деді президент.
Оның пікірінше, Ресей "соғысты аяқтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әрбір мүмкіндікті сөзбе-сөз елемейді немесе жоққа шығарады".
"Ресей салдарларды сезінуге тиіс", - деді Украина лидері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек