Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін айтты

Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін айтты
Фото: Sky News

Украина, Түркия, батыс елдерінің көшбасшылары, соның ішінде Франция президенті Эмманюэль Макрон Кремльге екіжақты кездесуді бірқатар елде, соның ішінде Қазақстанда өткізуді ұсынған. Бұл туралы Украина президенті Fox News арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Еуропаның бейтарап елдерінде, соның ішінде Австрия мен Швейцарияда кездесу өткізуді ұсындық. "Қаласа Қазақстан сияқты жерде өткізуге де дайынбыз" дедік. Сол ғана", – деді Зеленский.

Владимир Зеленский Ресей басшысымен кездесуге дайын екенін растады.

Еске салайық, бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен кездесті. Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget