Зеленский мен Путин қайда кездесуі мүмкін?

Зеленский мен Путин қайда кездесуі мүмкін?
Фото: ©️ x.com/KremlinRussia, x.com/ZelenskyyUa

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу өткізуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Зеленский кездесу өткізуге болатын елдер ретінде Австрияны, Швейцарияны немесе Түркияны атады. Оның пікірінше, Мәскеуде кездесу өткізу мүмкін емес.

"Біз Швейцария, Австрияға келісеміз. Түркия? Түркия - біз үшін НАТО-ға мүше ел және Еуропаның бір бөлігі. Біз қарсы емеспіз", - деді Зеленский.

Оның айтуынша, Будапешт келіссөз алаңы болуға қолайлы емес, өйткені Венгрия соғыс кезінде Украинаны қолдамаған, оның ЕО-ға кіруіне де қарсы.

Еске салайық, бұған дейін Трамп пен Зеленский кездесті. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget