Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь президентінің әйелі Лукашенко Галинаға 10 жылға санкция салды, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
Басылым мәліметінше, бұл туралы ел президенті Владимир Зеленскийдің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (СНБО) санкциялар туралы шешімін қабылдаған жарлығында айтылған.
Құжатқа сәйкес, Галина Лукашенкоға қатысты 13 шектеу шарасы енгізілген, оның ішінде активтеріне тосқауыл қою және жер телімдерін алуға тыйым салу бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!