- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зеленский Лукашенконың әйеліне...
Зеленский Лукашенконың әйеліне қарсы санкциялар енгізді
Украина президенті Владимир Зеленский Беларусь президентінің әйелі Лукашенко Галинаға 10 жылға санкция салды, - деп хабарлайды Gazeta.ru.
Басылым мәліметінше, бұл туралы ел президенті Владимир Зеленскийдің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (СНБО) санкциялар туралы шешімін қабылдаған жарлығында айтылған.
Құжатқа сәйкес, Галина Лукашенкоға қатысты 13 шектеу шарасы енгізілген, оның ішінде активтеріне тосқауыл қою және жер телімдерін алуға тыйым салу бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова