- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зеленский Қазақстанға алғыс...
Зеленский Қазақстанға алғыс айтты
Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстанға алғыс айтты. Ол бұл туралы Telegram-дағы каналына жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқыладық. Мен сонымен бірге Қазақстанға Украинаны гуманитарлық қолдағаны үшін алғысымды айттым", - деп жазды Зеленский.
Еске салайық, бүгін, 16 ақпанда Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.
Ақорданың хабарлауынша, екі ел басшысы Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан