- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Зеленский Херсонға барды...
Зеленский Херсонға барды
Фото:
Видеодан алынған кадр
Украина президенті Владимир Зеленский Херсонға Ресей әскері қаладан шығарылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң келді, - деп хабарлайды "Украинская правда".
БАҚ-та тараған кадрларға қарағанда, Украина басшысы әскерилермен кездескен.
Сондай-ақ, Украина президенті журналистермен сөйлескен.
Айта кетейік, Владимир Зеленский Оңтүстік Херсон аймағында жұмыс істеп жатқан тергеушілер "Ресей әскері жасаған 400-ден аса әскери қылмысты ашқанын" мәлімдеген еді. Ал 9 қарашада Ресей әскерін Херсоннан шығаратынын хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін Украинадағы кейінгі ахуалға шолу жасаған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова